Көгалдандыруда маңызды рөлі кең ассортименттегі отырғызу материалын сапалы бейімдеп өсіруде. «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС құрылымында өзінің тәлімбағы бар – жалпы алаңы - 349 га, онда ағаш-тал-шіліктердің тұқымы 50-ден асады. Тәлімбақта сынақ-дендрологиялық учаске ұйымдастырылған, оның аумағында Астана өңірі үшін егіс, көшеттер және 25 жаңа түрлі шыбықшалар отырғызылған. Оң нәтиже болғанда ағаш дақылдары қала объектілеріне кейіннен отырғызылатын болады. Сондай-ақ тәлімбақта қала объектілерінен шығарылып өспей қалған қылқан жапырақты ағаштарды реанимациядан өткізуге учаске құру жоспарлануда. Тәлімбақтың құрылымында отырғызу материалын өсіру үшін мынадай учаскелер көзделген:
- Шаруашылық бөлімі;
- Көбейту бөлімі;
- Жапырақты ағаш-бұталы тұқымды өсіру жөніндегі бөлімі;
- Қылқан жапырақты ағаш тұқымды өсіру жөніндегі бөлімі;
- Қалыпты ағаш және бұталы тұқымды өсіру жөніндегі бөлімі;
- Жазғы көгалдандыру жұмыстары үшін контейнерлік отырғызу бөлімі;
- Дендрологиялық учаске.